Түркістан облысында заңсыз қарумен құқық бұзған 186 жағдай тіркелді

кру.jpg

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасы бойынша өңірде қылмысты азайту мақсатында өткізілген "Қару" жедел-профилактикалық іс- шарасы барысында Түркістан облысы ПД Әкімшілік полиция қызметкерлері заңсыз сақталған 27 қару тәркілеп, 186 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.

"Қару" жедел-профилактикалық іс-шарасының негізгі мақсаты атыс қаруын қолданумен байланысты қылмыстарды ашу, алдын алу, жолын кесу, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды заңсыз сақтаумен, дайындаумен айналысатын адамдар мен ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау, сондай-ақ қару, оқ-дәрілерді және басқа да құқық бұзушылықтарды заңсыз сақтау және сату деректерін анықтау болып табылады.

"Қару" жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысына сәйкес тәртіп сақшылары тіркелмеген 27 қару, оның ішінде 18 аңшылық мылтығы, 1 травматикалық және 1 газды тапанша алынды. Сондай-ақ 7 аңшылық мылтығын тұрғындар ерікті түрде тапсырған.

Мысалы, Ордабасы ауданында "Қару" жедел-профилактикалық шарасы барысында полицейлер заңсыз айналымнан тіркелмеген 3 аңшы мылтығын тәркіледі. Сондай-ақ, Ордабасы АПБ әкімшілік полиция инспекторы полиция капитаны Жүзеев Ратбектің айтуынша, рейдтік іс-шаралар барысында 400-ден астам қару иесі тексеріліп, қаруды сақтау ережелерін бұзғаны үшін 16 әкімшілік хаттама толтырылды.

"Қару" іс-шарасы кезінде облыс бойынша полицейлер 4,5 мыңға жуық қару иелерін тексеріп, 186 әкімшілік құқық бұзушылықты анықталды. Оның ішінде 16-ы ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы бойынша "қаруды заңсыз сақтау" және 170-і "қаруды сақтау ережелерін бұзу" бойынша тіркелді.

Түркістан облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының хабарлауынша, осындай жедел-профилактикалық іс-шаралар өз жалғасын табады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер