Полицейлер жасөспірімдерді екі сағатта тауып анасымен табыстырды

екибала.jpg

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің полицейлерге қоятын басты талаптарының бірі – халыққа жақын болып, олардың қорғаны екенін көрсетіп, ашықтық орнату. Мұның жарқын үлгісін мақтаралдық тәртіп сақшылары көрсетті.

Мақтарал АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын өзінің кәмелетке толмаған екі баласын жоғалтып алғаны жөнінде хабарлайды. Балалардың анасы, кешкі уақытта үйінің жанында яғни Атакент кенті көшелерінің бірінде ойнап жүрген балалары белгісіз бағытқа кетіп қалғанын көрсетті.

Бұл жайтты полицейлер полиция бөлімінде тіркеп, жоғалып кеткен жасөспірімдерді іздестіруге кірісті.

Тәртіп сақшылары барлық көшелер мен аулаларды мұқият қарап шығып, куәгерлер мен өтіп бара жатқан адамдардан жауап алып, жақын маңдағы полиция бекеттеріне бағыт-бағдар берді.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, біинеше сағат ішінде полиция қызметкерлері жоғалып кеткен ұлдарды келесі көшеден, үйден 500 метр қашықтықтан анықтады. Тәртіп сақшылары табылған жасөспірімдерді үйлеріне қайтарып, оларды анасына тапсырды.

Өз кезегінде, жасөспірімдердің анасы Мақтарал АПБ-нің қызметкерлеріне жеделділігі мен жоғалған балаларды іздестіруде көмек көрсеткені үшін шын жүректен алғысын білдірді.

Түркістан облысының полицейлері ата-аналарға қырағы болуды және балаларын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Балаларыңыз немесе жақындарыңыз адасып, жоғалған жағдайда тез арада 102 телефоны арқылы полицияға хабарласыңыздар.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер