11946 теңге төлеп, көлігіңізді тіркеңіз

армянскийавто.jpg

Соңғы кездері құқық қорғау органдарына Армения мемлекетінен сатып әкелген көліктерін тіркемей ме деп алаңдап хабарласатындар көп. Бұл мәселенің де шешімі табылған сияқты. Түркістан облысы Полиция департаментінің хабарлауынша 11946 теңге төлеп, көлігіңізді тіркеуге болады.

«Тіркеу кезінде төлемнің 3 (үш) түрін төлеу қажет. 1. Тіркеу үшін алым-0,25 АЕК (695 тг). 2. Техникалық төлқұжат үшін мемлекеттік баж – 1,25 АЕК (3473 тг). 3. Мемлекеттік нөмір үшін баж-2,8 АЕК (7778 тг). Барлығы – 11946 теңге.
Кәдеге жарату алымы мен алғашқы тіркеу үшін алым төлеу талап етілмейді.
- Автокөлікті тіркеу үшін тек 3 құжатты ұсыну қажет. 1. Жеке куәлік. 2. Жоғарыда аталған 3 төлемдерді төлеу туралы түбіртектер. 3. Автокөліктің техникалық төлқұжатының нотариалды куәландырылған аудармасы.
Аталған құжаттарды мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарына өткізу қажет. Армян техпаспорты мен мемлекеттік нөмір осы мекемеге сақтауға тапсырылады.
Иесіне көлік құралын тіркеу туралы куәлік беріледі. Бұл ретте "ерекше белгілер" бөліміне "өзге тұлғаға тіркеуге жатпайды" деген жазба енгізіледі. Сонымен қатар автокөлікке "18" аймақтық коды бар сары түсті мемлекеттік нөмір беріледі» делінген хабарламада.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер