Полицейлер қарттарды құрметтеп, ерекше қызмет көрсетті

кайырымд.jpg

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев полицейлерге қоятын басты талаптарының бірі – халыққа жақын болып, олардың қорғаны екенін көрсетіп, ашықтық орнату. Сондықтан Полиция департаментінде күнделікті осы бағытта жүйелі жұмыстар атқарылуда. Соның бірі ретінде Сарыағаш АПБ Көші-қон полиция бөлімшесінде мобильдік топ құрылып, жүріп-тұруы қиын қарттарымызға көшпелі қызмет көрсетілгенін атап айтуға болады.

Нақтырақ айтсақ, Көші-қон полиция бөлімшесінің аға инспекторы полиция майоры Димаш Абдуманаппов пен инспектор Азамат Диханбаевтар ауданның егде жастағы тұрғындарының үйіне арнайы барып, елімізде енгізілген карантинге байланысты мерзімі өткен жеке куәліктерін қайта рәсімдеуге қызмет етіп, көмек көрсетті. Полицейлердің көмегін алғандардың ішінде I, II, III-топ мүгедектері және Күміс, алтын алқасы бар көпбалалы аналар бар. Осылайша, 3 күн ішінде полицейлер 24 азаматтың құжатын қайта рәсімдеуге қолғабыс етті.

Өз кезегінде жасы келіп, жүріп-тұруы қиындаған ақжаулықты аналарымыз осындай сәтте азаматтық ьанытып, жәрдемші бола білген тәртіп сақшыларына алғысын білдіріп, «жұмыстарың алға бассын, абыройлы болыңдар»-деп батасын берді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер