Өзін үйіне апарған адамның смартфоны мен ақшасын ұрлап ұсталды

смартксен.jpg

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасы бойынша өңірде қылмысты азайту және істі шұғыл анықтау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Соның бірі – Бәйдібек ауданында полиция қызметкерлерінің қырағылығымен шешімін тапты. Полиция қвзметкерлері өзіне жақсылық жасаған адамды тонаған күдіктіні тез ұстады.

Бәйдібек АПБ-не жергілікті тұрғын арызданған. Ол арызында өзінің басқаруындағы автокөлігімен үйіне келе жатып, жол бойынша тоқтатқан ауылдасын мінгізіп алып, жеткізіп тастағанын айтады. Әрмен қарай өзі үйіне жеткен уақытта, көліктің ішінде тұрған «ОРРО А5» маркалы ұялы телефоны және ұялы телефон қаптағышында (Чехолда) тұрған 20 мың теңгесінің жоқ екенін байқап, полицейлерге хабар берген. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі басталған. Аудандық полицейлер орын алған ұрлық қылмысын ашу мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізді.

Жәбірленуші көрсеткен көршісінен жауап алынып, тиісті жұмыстар атқарылды. Тексеру нәтижесінде ауылдасы сол сәтте ішімдік ішудің салдарынан ұрлық жасағанын мойындады. Оның үйінен айғақты зат ретінде ұялы телефон алынып, заңды иесіне қайтарылды. Күдіктінің бас шарасы «қолхатта». Қазіргі таңда орын алған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары ҚР ҚК-нің «Ұрлық» бабымен жүргізілуде.

Түркістан облысы полицейлері егер сіздің бағалы заттарыңыз жоғалып немесе ұрланса, тез арада полицияның «102» телефонына хабар беріңіздер деп ескертеді. Бұл өз кезегінде қылмыстың ізін суытпай ашуға мүмкіндік береді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер