Алаяқтық жасаған жазадан құтылмайды

алаяк.jpg

Түркістан облысы әкімдігінің тапсырмасымен карантин кезінде тәртіпті күшейткен Полиция департаментінің қызметкерлері қылмыс түрлерін іздерін суытпай ашуда. Соның бірі – Түлкібас аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлері жұртты алдап ақша жиған алаяқ әйелді ұстады.

Аудандық Полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша ол өзімен қызметтес болған жас қызға алданып, оның мүгедектікпен зейнеткерлікке шығарып беремін деген уәдесіне сенгенін жеткізді. Содан ол сұраған 200 мың теңгені беріп, соңында сан соғып қалған. Осыған ұқсас шағыммен полиция бөліміне тағы бір тұрғын хабарласқан.
Аталған жайттар сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынды.
Орын алған алаяқтықты ашу мақсатында тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер жәбірленушілердің жауабына сәйкес күдіктіні анықтап, жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде осы алаяқтықты жасаған күдікті әйелді ұстады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Өз кінәсін толық мойындады.
Тергеу барысында алаяқ әйелдің бірнеше тұрғынды алдап, ақшаларын алғаннан кейін, аталған мекемеден жұмыстан шығып кеткені белгілі болды. Ол өз жауабында ақша қажет болғандықтан осындай әрекетке барғанын жеткізді. Бас шарасы «міндеттеме».
Өз кезегінде полиция қызметкерлері аталған қылмыстық іс бойынша жәбірленушілер санының өсуі мүмкін екендігін жоққа шығармайды.
Түркістан облысы полицейлері тұрғындарға алаяқтардың арбауына түсіп қалмай, абай болыңыздар деп ескертеді. Сондай-ақ өз қаражатыңыз бен мүлкіңізге сақ болыңыз. Егерде осындай жайттар орын алған жағдайда «102» шұғыл телефон нөміріне хабарласыңыздар.
Бұл өз кезегінде қылмыстың «ізін суытпай» ашуға мүмкіндік бермек.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер