«Аспаннан вирус себеді» деп жұртты дүрліктіруші ұсталды

обманщица.jpg

Короновирус жұқпалы дерті мен пневмония ауруы өршіп тұрған карантин кезінде жалған ақпарат таратып, онсыз да үрейі ұшқан жұртты дүрліктіргендер жазасыз қалмайды. Түркістан облысы әкімдігінің тапсырмасымен ондай азаматтар қатаң қадалағауға алынады. Бүгін сондай дәйексіз жалған ақпарат таратқан Отырар ауданының тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлама таратты. 

«Бүгін әлеуметтік желіде «Сарыағаш ауданында түстен кейін вирус себіледі екен, балаларды далаға шығармаңыздар» деген сарында жалған ақпарат тарап жатыр. Бұл ақпараттың жалған әрі шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Сіздерді, яғни Түркістан облысының тұрғындарын осы секілді мәтінде жарияланған ақпараттарға сенбеуге шақырамыз. Сондай-ақ, дәлел-дәйексіз, ел ішін дүрліктіретін ақпарат таратқандар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274 бабы "Көрінеу жалған ақпарат тарату" бойынша жауапқа тартылатынын да ескертеміз. Осы ақпаратты "WhatsАpp" желісіндегі топтарда таратқан Отырар ауданының 1973 жылы туған азаматшасы қазіргі таңда құзырлы органдармен анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды» делінген Түркістан өңірлік коммуникациялар қызметі таратқан хабарламада.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер