Билік өкілін қорлаған адамның үстінен іс қозғалды

saitRG.jpg

Түркістан облысының полицейлері Сайрам ауданында заңға бағынбай тәртіп сақшыларына дөрекілік танытып, балағаттаған адамды ұстады. Билік өкіліне қарсылық көрсетіп, жұмыс жүргізугек кедергі келтірген азаматтың үстінен іс қозғалды.

Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасы бойынша Полиция департаментінің қызметкерлері жол қауіпсіздігі ережесінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қажетті іс-шараларды мүлтіксіз атқаруда. Осындай жұмыс күнінің бірінде Сайрам аудандық Полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі Патрульдік полиция тобының екі инспекторы қызметтерін атқару кезінде күндізгі сағат 12:00 шамасында жол ережесі талаптарын сақтамаған «ВАЗ-21043» маркалы көлікті тоқтатады. Тексеру барысында жүргізушінің автокөлікке тиісті құжаттары болмай шығады. Содан полицейлер көлікті айыптұраққа қою үшін алып бара жатқанында жүргізушінің ұлы келіп, жолдан полицейлерді тоқтатып, көліктің кілтін алып қойып, билік өкіліне қарсы дөрекі мінезін көрсете бастайды. Заңды талаптарға бағынбай, тіл тигізіп, балағат сөздермен қорлап, аузына келгенін айтады.

Тәртіп бұзушының іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 378-бабының 3 бөлігі «Билік өкілін қорлау» бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды. Бас шарасы «қолхатта».

Түркістан облысы полицейлері өз кезегінде азаматтарға қоғамдық орындарда тәртіпті бұзбауға кеңес береді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер