Медициналық маска киген қарақшының бірі Шымкентте қолға түсті

каракшылык.jpg

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне Шымкент қаласының тұрғыны арызданды. Ер адам түскі уақытта өзінің "Газель" көлігіне отырған сәтте, оған шабуыл жасалғанын хабарлады. Медициналық бетперде киген екі белгісіз тұлға оны қарумен қорқытып, ішінде 700 мың теңгеге жуық ақшасы бар сөмкесін тартып алып, белгісіз бағытқа қарай автокөлікпен іздерін суытқан. Аталған жайтты полиция қызметкерлері "Қарақшылық" бойынша тіркеді.

Жасалған қылмыстың ауырлығы мен ашықтан-ашық қорықпай жасалғанын ескере отырып, полицияда осы ауыр қылмысты ашуға бағытталған жедел-тергеу тобы құрылды. Аудандық полицейлерге көмек көрсету үшін облыстық Полиция департаментінен бір топ жедел-іздестіру тобы келді.

Полиция қызметкерлері бір апта ішінде куәгерлерден жауап алып, бейнебақылау камераларының жазбаларын мұқият қарап, тексеріп шықты. Нәтижесінде жедел топ мүшелері күдіктілер жасырынуы мүмкін автокөлік пен оның мемлекеттік нөмірін анықтады. Алайда, мемлекеттік нөмір жалған болып шықты. Полицейлер қылмыскерлерді іздестіруді ары қарай жалғастырды.

Осылайша тәртіп сақшылары күдіктілердің бірін Шымкент қаласының жалдамалы пәтерінен ұстады. Ол мегаполистің үш рет сотталған тұрғыны болып шықты. Ұрланған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған. Күдікті қамауда.

Қазіргі уақытта жедел-тергеу тобы қарақшылық шабуылға қатысушының екіншісін ұстау бойынша шаралар қабылдауда. Сондай-ақ, күдіктінің жәбірленушіні ойыншық тапаншамен қорқытқаны анықталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер