Суға түсу ережесін бұзғандар жазаланады

шомылу.jpg

Түркістан облысы әкімдігінің тапсырмасымен заңбұзушылықтың алдын алу мақсатында полицейлер карантиндік режимді сақтау бойынша профилактикалық жұмыстарын тұрақты жүргізуді жалғастыруда. Тұрғындарға құқықтарын түсіндірген арнайы құрылған мобильдік топтар азаматтар мен сауда және ойын-сауық орындарының, дүкендер мен базар иелерінің, сондай-ақ адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көліктерде, көшелерде өзін-өзі оқшаулау режимінің сақталуын да тексеруде.

Одан бөлек, қазір жаз - суға шомылу маусымы болғандықтан, Түлкібас аудандық полицейлері мен Төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері аудан көлемінде белгіленбеген орындарда суға түсуге тыйым салып, қауіпсіздік шараларын ескертуде. Осы бағытта жүргізілген тексеру жұмыстары аясында ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабы "жалпы су пайдалану ережелерін бұзу" бойынша 13 жайт тіркеліп, оларға әкімшілік хаттама толтырылды.

Өз кезегінде полиция облыс тұрғындарын аталған індеттің таралу қаупіне байланысты карантин ережелерін бұзбауға шақырады. Кез келген, су арықтарына, өзен-көлдерге, яғни белгіленбеген орындарға суға түспеңіздер. Балаларыңызға сақтық шараларын айтып, түсіндіріп отырыңыздар. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер