Құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары тоқтамайды

алентаев.jpg

Түркістан облысы әкімдігінің тапсырмасымен жазғы шомылу маусымында тәртіп сақшылары суда, өзендерде, көлдерде және су арналарында жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шараларды күшейтті. Дегенмен, кәмелет жасына толмағандар арасында карантин талаптарын сақтамай заңбұзушылықтарға жол бергендер азаймай тұр. Бұл туралы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы, полиция майоры Алихан Алентаев айтты.

– Тәртіп сақшылары кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу, жасөспірімдердің түнгі уақытта үйден тыс жерде болу және басқа да құқық бұзушылықтар фактілерін анықтау бойынша ауқымды профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Соның нәтижесінде жыл басынан бері кәмелет жасына толмағандар арасында 3000-нан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, оның ішінде түнгі уақытта ойын-сауық орындарында жүру – 137, түнгі уақытта ата-аналарынсыз және заңды өкілінсіз қыдырыстап жүрген 2639 дерек. Жасөспірімдерге темекі өнімдерінің сатылуы бойынша 25 жайт және алкогольдік өнімдерді сатудың 85 жайты тіркелді, – деді Алихан Алентаев.

Облыс аумағында жыл басынан бері кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында бірқатар жедел-профилактикалық "Жасөспірім", "Түнгі қаладағы балалар", "Қауіпсіз мектеп", "Құқықтық тәртіп" іс-шаралары өткізіліп, нәтижесінде қылмыс саны, оның ішінде кәмелетке жасы толмағандарға қатысты қылмыстардың саны  23 пайызға азайды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер