«Құқықтық тәртіп» іс-шарасында есірктімен ұсталды

марихуана.jpg

Түркістан облысында Полиция департаменті «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізді. Аталған іс-шара барысында Келес ауданының полицейлері Тараз қаласының тұрғынын есірткімен ұстады.

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасының негізгі мақсаты – криминогендік ахуалды, қоғамдық тәртіпті қадағалап, алдын алу және болдырмау, көшелерде, адам көп шоғырланатын орындарда тәртіпті қадағалау, қылмыскерлерді ұстау, анықтау, тыйым салынған заттарды заңсыз сақтағандарды анықтау болып табылады.

Осы бағытта Келес аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлері тыйым салынған заттарды, оның ішінде есірткі затын заңсыз алып жүргені бойынша 1 жайтты анықтады. Нақтырақ айтсақ, жергілікті тәртіп сақшылары Тараз қаласының тұрғынын ұстады. Оны тексерген кезде сөмкесінің ішкі қалтасынан ақ түсті фольгаға оралған есірткі затына ұқсас хош иісті кептірілген өсімдік табылды. Полицейлер айғақты затты тәркілеп, сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысына сәйкес алынған есірткі заты 1 граммнан астам мөлшердегі "кептірілген марихуана" болып шықты. 

Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 2 бабы бойынша тіркелді. Олар: 286-бабы «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы», 296-бап «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу». Күдіктінің бас шарасы міндеттеме. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері егер, сіз кезекті тәртіп бұзушылықтың, қоғамдық орында болған құқықбұзушылықтың куәсі немесе құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның «102» нөміріне хабар беріңіздер деп ескертеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алмас Кішкенбаев: Мені кінәлап тастайды. Қайдағы біреу
  • Түркістанда бюджет қаражатын жымқырған білім бөлімінің басшылары сотталды
  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер