Марихуана еккен күдікті құрықталды

карасорат.jpg

Түркістан облысы әкімінің тапсырмасымен тәртіп сақшылары есірткі еккендерге қарсы іс-қимыл шараларын күшейтіп, өңірдегі барлық қала, аудандарда рейдтік шараларды жүргізіп, есірткімен айналысқан, оны сатқан және тасымалдаған құқық бұзушыларға қатысты жедел-алдын алу шараларын іске асыруда. Кезекті рейд барысында Төлеби ауданының полицейлері ауыл тұрғынынан 130 түп марихуана тәркіледі.

"Қарасора-2020" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Төлеби аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлері Жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторларымен бірлесе отырып, құрамында есірткі заты бар өсімдіктердің кезекті егістігін жойды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, жергілікті тұрғынның үйінің ауласын тінту кезінде тәртіп сақшылары өзіне тән хош иісі бар 130 түп есірткі тауып, тәркіледі. Айғақты заттарды тәртіп сақшылары сараптамаға жіберді.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 300-бабы "Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру" бойынша СДТТБТ-да тіркелді. Күдікті қамауда. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының тәртіп сақшылары тыйым салынған өсімдіктерді өсіру, заңсыз есірткі саудасымен айналысу, жалпы есірткіге қатысы бар жайттар заң алдында қатаң жазаға тартылатынын ескертеді. Кей сәттері қылмыс жасап, заң бұзған адамның жазаланатынын біле тұра заңсыздыққа жол беріліп жатады. Есірткінің қоғам дерті екендігін естен шығармай, оны өсіріп, қолданып, тасымалдағандармен күресуді күшейтуіміз қажет. Сондықтан сіз, есірткі бойынша қандай да бір ақпараттарды білсеңіз бірден полицияның «102» нөміріне хабарласыңыз. Бұл өз кезегінде есірткіге байланысты қылмыстардың азаюы мен жолын кесуге септігін тигізеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер