Лицензиясыз емдеп, дәріні қымбаттатып сатқан тұрғын ұсталды

уйдари.jpg

Түркістан облысы әкімінің карантин кезінде дәрі-дәрмек бағасын шекті басадан асырып сатқандарды жауапқа тарту туралы тапсырмасына сәйкес Келес аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлері заңсыз дәрі-дәрмек сатудың алдын алу, болдырмау мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізді. Іс-шарасы барысында, Ынтымақ ауылының тұрғыны анықталды. Ол үйінен заңсыз, стандартқа сай емес, лицензиясы жоқ ем қабылдау бөлмесін өздігінен ашып алып, келген науқастарға жоғары бағада дәрі-дәрмек препараттарын сатып, онымен қоса егіп беру кезінде ұсталды.
Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде, анықталған заңсыз ем қабылдау орнынан айғақтық зат ретінде 28 түрлі дәрі-дәрмектердің 311 қорабын, 50 дана система, 100 дана шприц, 36 дана бетперде, 10 дана мақта тәркілеп алды. Тергеу барысында тұрғын дәрі-дәрмек препараттарын қымбат бағада сатқанын мойындады.

Аталған жайт Келес АПБ-не тіркеліп, заңдылығын тексеру үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасымен қауіпсіздігіне бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша басқармасына жолданды.

Жалпы Түркістан облысы полицейлері Президент Қ.Ж.Тоқаевтың заңсыз дәрі сату жайттарын анықтауға байланысты тапсырмасын орындау мақсатында қарқынды жұмыс атқаруда. Бүгінгі күнге дейін облыс полицейлері заңсыз үстеме бағамен дәрі сатудың 25 жайтын анықтап, 2000-ға жуық дәрі-дәрмектерді тәркілеп алған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер