Немересі әжесінің үйіне ұрлыққа түсіп ұсталды

телед.jpg

Түркістан облысы әкімінің тіркелген қылмыстың ізін суытпай ашу туралы тапсырмасын нәтижелі жүзеге асырып келе жатқан тәртіп сақшылары Сайрам ауданында әжесінің үйіне ұрлыққа түскен немересін ұстады.  

Сайрам аудандық Полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленуші әйелдің айтуынша ол күндізгі уақытта үйінен жұмыстарымен шығып, кешке сағат 18:30-дар шамасында үйіне келгенінде «LG» маркалы 123 см диоганальды теледидары жоқ екенін байқайды. Содан полицейлерге шағымданып, ұрыны ұстауға көмек беруін сұраған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 300 мыңға жуық теңгені құрады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеліп, СДТТБТ-не енгізілді.
Орын алған ұрлық қылмысын ашу мақсатында ауданның тәжірибелі полицейлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел уәкілдер жақын аймақтарды аралап, бейнебақылау камераларын тексеріп, куәгерлерден жауап алды. Нәтижесінде тәртіп сақшылары жәбірленушінің теледидарын ұрлаған өзінің немересі екенін анықтады. Күдікті АПБ-не жеткізілді.
Тергеу барысында күдікті әжесінің үйіне ашық тұрған терезесі арқылы кіргенін айтты. Содан ұрланған теледидарды ломбардтардың біріне 150
мың теңгеге өткізгенін, ақшасын өз қажеттілігне жаратқанын мойындады. Қазіргі таңда осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері азаматтарға өз үйіңізге, мал-мүлкіңізге барынша сақ болуды ескертеді. Аулаңызға бейнебақылау камераларын орнатып, есіктеріңізге сенімді құүлыптар, терезелеріңізге темір торлар жасатуға кеңес береді. Мұндай қауіпсіздік шаралары сіздің үйіңізге көзі түскен ұрылардың жолын кесетінін ұмытпаңыз.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер