Жол қозғалысы ережесін бұзғандарды жауапкершілікке тартты

123.jpg

Түркістан облысы әкімінің Түріксатн қаласында көліктер қозғалысын реттеу туралы тапсырмасын жүйелі түрде жүзеге асырып кенле жатқан тәртіп сақшылары жол қауіпсіздігі ережесін бұзып, жүгенсіз жүрген бірнеше автокөліктерді анықтады. Бұл жайт әлеуметтік желелерде тарап кеткен болатын.

Тексеру барысында оқиға Түркістан қаласындағы Түркістан-Шымкент айналма тас жолы бойында орын алғаны анықталды. Тәртіп бұзушылардың жеке басын анықтау мақсатында Түркістан қалалық Полиция бөлімінің қызметкерлері қажетті іс-шараларды жүргізіп, кінәлі жүргізушілерді әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Нәтижесінде, "Тайота камри " жүргізушісіне қатысты әкімшілік жауапқа тарту бойынша 5 хаттама толтырылды. Олар келесідей: ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабы 2 бөлігі (сақтандыру белгісі), 590-бабы 2 бөлігі (ГРНЗ тақпаған) және 595-бабы 1-бөлімі (маневр жасау қағидаларын бұзу), 593-бабы 1 бөлігі (жолаушыларды тасымалдау қағидаларын сақтамау), 596-бабы 3 бөлігі (қарсы бағытқа шығу).
Ал, "Ауди" маркалы көліктің жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 1 бөлігі (жолаушыларды тасымалдау қағидаларын сақтамау) бойынша кінәлі деп танылып, хаттама түзілді. Автокөліктер айыптұрағына қойылды.
Жалпы, жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларын азайту, жол қауіпсіздігі ережесі мен карантиндік шараларды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында Түркістандық полиция қызметкерлері тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар өткізеді.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер