Жер қойнауын заңсыз пайдаланғандар жазаға тартылды

12345.jpg

Түрікстан облысы әкімінің жер қойнауын пайдалануда заңсыздықтарға жол бермеу туралы тапсырмасын жүзеге асыру барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері жыл басына бері құқық бұзған 30 деректі анықтап тіркеді. Бұл туралы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы, полиция майоры Нұрлан Тұмабаев айтты.
Құқық бұзушылық құралы ретінде пайдаланылған 43 техника, атап айтқанда, 7 экскаватор, 11 погрузщик және 25 жүк тасу көлігі заңды шешім қабылданғанша, уақытша айыптұраққа жеткізілген.
Естеріңізде болса, соңғы жылдары браконьерлердің қолынан қаза тапқан 2 табиғат қорықшысы мен одан басқа да келеңсіз оқиғалар жиілеп кетті. Осыған орай биылдан бастап елімізде аңшылық пен балық аулау жай тәртіп бұзу емес, орта деңгейдегі қылмыс санатына енгізіліп, заң күшейтілді.
Жалпы жыл басынан бері алты ай ішінде оңтүстік өңірде 43 экологиялық қылмыс, 737 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 6 722 282 теңге көлемінде айыппұл салынған.
Түркістан облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің табиғат қорғау полиция инспекторлары мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып облыс аумағында экологиялық қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында бірқатар мақсатты іс-шара ұйымдастырып, жүзеге асырды. Оның ішінде "Браконьер", "Нерест" ЖПІШ және "Қызғалдақ", "Жер қойнауы" алдын алу іс-шаралары болып өтті.
Айта кетейік, Түркістан облысында 18 табиғат қорғау полиция инспекторы бар. Олардың бәрі де жергілікті тұрғындар арасында табиғат қорғау заңнамаларын бұзбау, бұзған жағдайда қылмыстық, әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Олардың мақсаты мен міндеті – табиғатты уәкілетті органдармен бірлесіп қорғау, браконьерліктің жолын кесу, экологиялық қылмыстың алдын алу, қоршаған ортаның бүлінбей, аман сақталуына үлесін қосу.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер