Телефон ұрлап тұтылды

97.jpg

Түркістан облысы әкімдігінің карантин кезінде тіркелген қылмыстардың ізін суытпай ашу туралы тапсырмасын тәртіп сақшылары жауапкершілікпен жүзеге асырып келеді. Соның бірі – полицейлер Сарыағашта дәріханадан ұялы телефон ұрлаған күдіктіні ұстады.

Сарыағаш АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын, ауыл дәріханасының сатушысы ұялы телефоны ұрлағаны туралы арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз тұлға сөреден оның құны 90 мың теңге тұратын ұялы телефонын жымқырып кеткен. Бұл факті ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық" бойынша СДТБТ-ға тіркелді.

Оқиға орнына бірден Сарыағаш АПБ жедел-тергеу тобы шықты. Полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларын мұқият тексеріп, куәгерлерден жауап алып, аулаларды аралап шықты. Нәтижесінде, дәріханада орнатылған бейнекамералардың біріне телефон ұрысы мен ұрлық жасалған сәті түсірілгені белгілі болды.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны "ізін суытпай" ұстады. Ол бұрын бірнеше рет сотты болған Сарыағаш ауданының тұрғыны болып шықты, полиция бөліміне жеткізілді. Күдікті дүкендердің біріне сатып үлгерген ұялы телефонды тәртіп сақшылары айғақты зат ретінде тәркілеп алды.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауда. Полиция қызметкерлері ұсталған азаматтың басқа да осыған ұқсас қылмыстарды жасауға қатыстылығын анықтауда.

Полиция қызметкерлері Түркістан облысының тұрғындарына қырағы болып, мүліктерін сақтау үшін шаралар қабылдау қажеттігін ескертеді. Сондай-ақ, мүмкіндігінше бөлмелерде бейнебақылау камералары мен күзет дабылы орнатылуы керек. Бұл өз кезегінде қылмысты жедел ашуға және ұрыларды ұстауға көмектеседі. Егер сіз ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияға «102» телефоны арқылы хабарласыңыз.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер