Мал жаю ережесін бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады

90.jpg

Түркістан облысы әкімінің бөтен мүлікті ұрлаудың, оның ішінде мал ұрлығының алдын алу және жолын кесу туралы тапсырмасын орындау мақсатында құқық қорғау органдарының қызметкерлері жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары Қазығұрт, Сарыағаш және Төлеби аудандарында мал ұрлығын кәсіп еткен 7 адамнан тұратын қылмыстық топты қолға түсірді. 

Полицейлер күдіктілердің 16 мал ұрлығы жайтына қатасы барын анықтады. Олар 264 атты қолды қылған. Айғақты зат ретінде күдіктілерден 69 бас жылқы тәркіленді. Қазіргі уақытта қылмыстық топ мүшелеріне қатысты қылмыстық істердің жинақталған материалдары айыптау актісімен заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. 

Сонымен қатар, Түркістан облысының полициясында мал ұрлығының алдын алу мақсатында облыстық Полиция департаменті басшылығының қатысуымен халықпен жиындар өткізу тәжірибесі енгізілді. Жыл басынан бері учаскелік полиция инспекторлары халықпен 375 кездесу өткізді. Тәртіп сақшылары ауыл тұрғындарымен мал ұрлығының алдын алу бойынша шаралар қабылдау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Онда мал басын анықтаудан және ұжымдық жайылымды ұйымдастырудан бастап, қазіргі заманғы технологиялық құралдарды қолдануға дейін айтылуда. "Мал иесі - жергілікті атқарушы орган - бақташы" үш жақты келісім-шарт жасау жобасы аясында 5,5 мыңнан астам келісім-шартқа қол қойылды. 

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын және ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін учаскелік инспекторлар 700-ден астам тәртіп бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты. 

Полиция қызметкерлері Түркістан облысының тұрғындарына ұқыптылық танытып, малды жайылымда қараусыз қалдырмау керектігін ескертеді. Сондай-ақ, өз қора-жайларыңызды нығайтып, бақташы жалдауға шақырады. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер