Садақа жәшігін тонаған ұры ұсталды

84.jpg

Түркістан облысы әкімінің ұсақ құқықбұзушылықтың алдын алу, ұрлықты болдырмау туралы тапсырмасын жүйелі жүзеге асырып жүрген Түркістан қаласының полицейлері садақа жәшігіне ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады. Ол 10 мың теңгені жымқырып кеткен.

Түркістан қалалық Полиция бөліміне жергілікті тұрғын, орталық мешіттердің бірінің қызметкері арызданды. Оның айтуынша мешітке белгісіз тұлға заңсыз кіріп, садақа жәшігінің ішінен 10 мың теңге ақшасын жасырын жымқырып кеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді. 

Орын алған ұрлық қылмысын ашып, күдіктіні ұстау мақсатында қалалық полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер барлық қажетті шараларды іске асырды. Көрген-білгендерден жауап алып, жақын аймақтарды, бейнебақылау камераларын мұқият тексерді. Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті ретінде бұрын сотты болған Кентау қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Тергеу барысында күдіктінің мешіттің есігі ашық тұратынын пайдаланып, шарбағынан асып түсіп, ішіне заңсыз кіргені анықталды. Содан қағаз ақшаларын ала алмайтын болғасын, садақа жәшігін сілкіп, тиындарын шығарып, алып кеткені белгілі болды. Ұрланған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жібергенін мойындап отыр. Күдіктінің бас шарасы «қолхатта». 

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғын-үйлеріңізбен, басқа да ғимараттарыңызды жарықтандырып, күзет дабылын, бейнебақылау камераларын орнатуға кеңес береді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер