Қазғұрт полицейлері телефон ұрысын Шымкентте ұстады

смартксен.jpg

Түркістан облысы әкімінің ұсақ қылмыстың ізін суытпай жедел ашу арқылы жәбірленушінің құқығын қорғау туралы тапсырмасын тәртіп сақшылары жүйелі жүзеге асырып келеді. Соның бірі – Қазығұрт аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлері телефон ұрлаған күдіктіні тез арада Шымкент қаласынан ұстады.

Қазығұрт АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын, наубайхана иесі арызданып, ұялы телефоны ұрлағанын хабарлайды. Ер адамның айтуынша, оның кәмелетке толмаған баласының құны 60 мың теңге тұратын ұялы телефоны ұрланған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық" бойынша Қазығұрт АПБ-не тіркелді. 

Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері оқиға орнына барып, жедел-іздестіру іс-шараларына кірісті. Полиция қызметкерлері жәбірленушіден және басқа да куәгерлерден жауап алып, жақын маңдағы аумақтарды аралап, басқа да қажетті шараларды жүзеге асырды.

Қабылданған жедел шаралар нәтижесінде тәртіп сақшылары телефон ұрлаған күдіктіні "ізін суытпай" ұстады. Ол Шымкент қаласының тұрғыны, наубайхана қызметкері болып шықты, одан ұрланған телефон тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қолхатта. 

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болу және құнды заттарды қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Қымбат ұялы телефондар, ақша және құнды заттарды көпшілік алдында көрсетпеу керек, оларды сөмкенің ішінде немесе киімнің ішкі қалтасында сақтау керек. Бөлмелер мен үйде бейнебақылау камералары мен күзет дабылы орнатылуы керек. Бағалы заттар ұрланған немесе жоғалған жағдайда, тез арада полицияға 102 телефоны арқылы хабарласқаныңыз жөн.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер