Тәртіп сақшылары дәрі-дәрмекті заңсыз сатудың 55 фактісін анықтады

114.jpg

Түркістан облысы әкімінің тапсырмасымен Полиция департаментінің қызметкерлері коронавирустық инфекция бойынша карантин режимі кезінде қажетті дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдарды жоғары бағамен заңсыз сататын азаматтар мен дәріханаларды анықтау бойынша рейдтік іс-шараларды жалғастыруда. Рейдтік іс-шаралар кезінде тәртіп сақшылары дәрі-дәрмектерді заңсыз сатудың 55 жайтын анықтады. Оның 13-і дәрі-дәрмектерді белгіленбеген жерде сату болса, 42-сінде дәріханалар дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сатқан. Полиция қызметкерлері барлығы 5250 түрлі дәрі-дәрмек мен 5,5 мыңнан астам маска, басқа да медициналық құралдарды тәркіледі.

Жетісай ауданында полиция қызметкерлері тіркелмеген дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сату дерегін анықтады. Тәртіп сақшылары дәріхананың сатушыдан 24 "тиамин" орамасын, 17 "новокаин" орамасын, 17 "аскорбин қышқылы" орамасын, 77 "ацетилсалицил қышқылы" орамасын, 4 "Димедрол" орамасын және 80-ге жуық басқа да дәрі-дәрмектерді тәркіледі.

Тәртіп сақшылары Шардара ауданында тағы бір дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен заңсыз сату жайтын анықтады. Мұнда Шардара қаласында орналасқан дәріхананың сатушысы жергілікті тұрғынға "Азитромицин", "Аспирин кардио" және "Парацетамол" препараттарын 3600 теңгеге, яғни жоғары бағамен сатқан.

Барлық жинақталған материалдар Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне заңдылықты тексеру үшін жіберілді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер