Тәртіпке бағынбай той жасағандар жазаланды

055.jpg

Түркістан облысы әкімдігінің тапсырмасы бойынша өңірдің бас санитариялық дәрігерінің карантин талаптарын сақтау туралы қаулысын бұзған және тәртіпке бағынбаған адамдар қатаң жазаланады. Осы мақсатта арнайы құрылған мобильдік топ Отырар ауданында той жасағандарды анықтады.
Карантин кезінде санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың бұзылуын анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар барысында Отырар полицейлері бірден екі үйлену тойын тоқтатты. Анықталғандай, Ақтөбе ауылының екі тұрғыны үйлеріне 30-40 шақты қонақтар шақырып, туыстарының қатысуымен "беташар" іс-шарасын ұйымдастырған. Тәртіп сақшылары тәртіп бұзушылармен түсіндіру және алдын алу әңгімелерін жүргізді.
Қазіргі уақытта той жасаушы екі тұрғынға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормаларды бұзу" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін тиісті органға (СЭС-ке) жіберілді.
Өткен карантин кезеңінде Түркістан облысының ПД-нің полицейлері карантин режимін бұза отырып, үйлену және отбасылық салтанаттарды өткізудің 86 жайтын анықтады. Тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын карантин режимінің талаптарын сақтауға, әсіресе дүкендерге, базарларға және адамдар көп жиналатын басқа жерлерге барғанда бетперделерді міндетті түрде киюге және әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер