Карантин кезінде жұмыс жасаған букмекерлік кеңсе анықталды

00-01.jpg

Түркістан облысы әкімінің пандемия кезіндегі карантин талаптарын сақтау туралы тапсырмасын қатаң қадағалау үшін арнайы құрылған мобильді топ түнгі уақытта Арыс қаласында заңсыз жұмыс істеп тұрған букмекерлік кеңсені тапты. Тексеру барысында ойынхана ішінде 4-5 келуші болған.

Полиция аталған жайтты ҚР ҚК-нің 307-бабы «Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру» бойынша тіркеп, заңға қайшы келетін заттар болуы мүмкін екені ескеріп, ойынханадан 11 дана процессор, бейнебақылау жады және чек-фиксаторды айғақты зат ретінде тәркіледі. Сараптама тағайындалды. Қазіргі таңда осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер ойынханаға қатысты мән-жайды толық тексеруде.

Жалпы, Арыс аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарының, сондай-ақ гигиеналық нормативтердің бұзылуы" 157 құқықбұзушылықты анықтап, хаттама толтырды. Оның ішінде бесеуі беташар тойын өткізгендер болса, біреуі қыз ұзатып, той жасап, адамдардың шоғырлануына жол бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал, белгіленбеген орындарда суға түсу бойынша яғни ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабымен "жалпы су пайдалану ережелерін бұзу" дерегімен 70 азамат анықталып, хаттама толтырылды.

Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері тұрғындарға және кәсіпкерлерге карантин талаптарын яғни бетперделік режим мен арақашықтықты сақтауды, әсіресе заңсыз ойынханалар ашып, жастардың санасын улауға жол бермеуді ескертеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алмас Кішкенбаев: Мені кінәлап тастайды. Қайдағы біреу
  • Түркістанда бюджет қаражатын жымқырған білім бөлімінің басшылары сотталды
  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер