Ұрлап алған смартфонды 8 ай қолданған қоңсы ұсталды

001.jpg

Сарыағаш ауданында құқық қорғау органдар қызметкерлері көршісінің ұялы телефонын ұрлап, 8 ай бойы қолданып келген күдіктіні тапты. Ол жәбірленушіге 70 мың теңгедей шығын келтірген.
Сарыағаш АПБ-не арызданушының айтуынша белгісіз біреу оның үйінің ішінде тұрған ұялы телефонын алып кеткен. Яғни арызданушы әйел ұялы телефонынан 2019 жылы көз жазып қалған. 
Үйінде тұрған телефонының бірден жоқ болып кеткендігін біле салысымен өздігінен іздеп табуға тырысқан. Алайда нәтиже шықпайды. Содан соң ол жайында ұмытып кетіп, 8 айдан соң 2020 жылдың тамызында полицияға арызданады.
Өз кезегінде арыз түскен уақыттан бастап полицейлер жедел шараларды атқарады. Нәтижесінде полицейлер ұрланған телефонды көршісінің үйінен тауып берді. Белгілі болғандай арызданушы көршісін қонаққа шақырғанда, келген қонағы оның телефонын жымқырып кеткен.
Бүгінгі таңда ұялы телефон өз иесіне қайтарылды. Ал күдікті әйелге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тергеу амалдары жүргізілді. Ұсталған әйел бұрын соңды сотты болмаған, отбасылы тұрғын. Аталған іске байланысты құжаттар толығымен жинақталып, сотқа жолданды.
Облыс полицейлері ескертеді, ұрлық жайты орын алып немесе сондай оқиғалардың куәгері болсаңыз, міндетті түрде полицияға хабар беріңіз. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алмас Кішкенбаев: Мені кінәлап тастайды. Қайдағы біреу
  • Түркістанда бюджет қаражатын жымқырған білім бөлімінің басшылары сотталды
  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер