Ұрлықты ізін суытпай ашты

024.jpg

Түркістан облыс әкімінің қылмыстың ізін суытпай ашу туралы тапсырмасын Келес ауданының полицейлері жылдам жүзеге асырды. Тәртіп сақшылары электрлі термос ұрлаған күдіктіні тез ұстады.

Келес АПБ-нің кезекші бөліміне ауыл тұрғындарының бірі үйінен электрлі термосы ұрланғаны жөнінде арыз түсірді. Әйелдің айтуынша, түнгі уақытта белгісіз тұлға ауласына заңсыз кіріп, жазғы асханасынан 25 мың теңге тұратын термосын қолды қылған. Аталған жайт СДТТБТ-не тіркеліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша енгізілді.

Полицейлер күдіктіні ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Жақын аймақтарды аралап, куәгерлерден жауап алып, бұрын ұрлық жасап сотты болғандарды тексерді. Нәтижесінде Келес АПБ-нің қызметкерлері қылмыстың «ізін суытпай» бір тәулік ішінде ашып, күдікті ретінде бұрын сотты болған жергілікті тұрғынды ұстады. Айғақты зат ретінде термос тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.

Тергеу барысында белгілі болғандай күдікті мас халде жәбірленушінің ауласына кіріп, ұрлық жасап, термосты арзан бағаға сатып жіберген. Ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға мал-мүліктеріңізге барынша сақ болуды ескертеді. Аулаларыңызды қоршап, есік-терезелеріңізді нығайтып, мүмкіндігінше бейнебақылау камераларын орнатыңыздар.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер