Ұрланған малды тауып иесіне қайтарды

033.jpg

Мемлекет басшысының пәрменімен мал ұрлығына қатысты жазаның қатаңдатылғаны туралы заңға енгізілген өзгерістерді түсіндірумен қатар тәртіпті күшейту – құқық қорғау органдарына жүктелген міндет. Қырағылықтың нәтижесінде Түркістан облысының полицейлері мал ұрысын қолға түсіріп, ұрланған сиырларды қайтарды.

Сарыағаш АПБ-нің кезекші бөліміне ауданның бір елді мекенінің тұрғыны малы ұрлағаны туралы арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз тұлғалар оның 4 бас сиырын жайылымнан ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі миллионға жуық теңгені құрады. Бір апта өзі іздеп, таба алмаған тұрғын полициядан көмек сұраған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-1-бабы "Мал ұрлығы" бойынша Сарыағаш аудандық АПБ-не тіркелді.

Оқиға орнына тез арада жедел-тергеу тобының қызметкерлері жетіп, күдіктілерді іздеуге кірісті. Тәртіп сақшылары куәгерлерден жауап алып, жақын маңдағы барлық жайылымдар мен Шымкент қаласындағы мал базарларына дейін аралап шықты. Сондай-ақ басқа да жедел іс-шаралар өткізілді. Нәтижесінде полиция қызметкерлері жәбірленушімен бірге мегаполис мал базарларының бірінен ұрланған сиырларды тапты. Сатушы болса, аталған сиырларды Қазығұрт ауданының тұрғынынан сатып алғанын жеткізді.

Сарыағаш аудандық ПБ-нің полиция қызметкерлерінің қылмысты ашу мақсатында одан әрі іздестіру іс-шараларын жүргізіп, «ізін суытпай» Қазығұрт ауданынан мал ұрысын ұстады. Ол бұрын есірткі сақтағаны үшін сотты болған, жергілікті тұрғын болып шықты. Полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу барысында анықталғандай, күдікті "жеңіл пайда табу" үшін, сыбайластарымен бірге бос жайылымға келіп, сиырларды ұрлап, кейін "Газель" автокөлігіне артып, қашып кеткен. Содан кейін олар ұрланған малды сатып, ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 188-1-бабымен "Мал ұрлығы" сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Айғақты зат ретінде жүк көлігі мен ұрланған сиырлар тәркіленді. Бүгінгі таңда жедел уәкілдер аталған қылмысқа қатысы бар қалған екі күдіктіні іздестіруде.

Өз кезегінде Сарыағаш ауданының тұрғыны Сарыағаш АПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Елдос Қожанға, сондай-ақ учаскелік инспекторлар полиция майоры Ақбердиев Әуезов пен полиция капитаны Ертай Тұрлыбаевқа алғысын білдірді.

Түркістан облысының полицейлері ауыл тұрғындарына өз мүліктерін ұрылардан сақтауды және малын жайылымда қараусыз қалдырмауды ескертеді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер