Көзілдірік ұрлап жауапқа тартылды

кз.jpg

Түркістан облысы басшылығының тұрғындардың құқықтары мен заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатындағы талаптарын қоғамдық ортада тәртіп сақшылары жүзеге асырады. Соның бірі - полицейлер дүкеннен көзілдірік ұрлаған күдіктіні жауапқа тартты.

Қазығұрт АПБ кезекші бөлімінің 102 пультіне дүкен сатушысынан көзілдірік ұрлауға тырысқан белгісіз әйелдің ұсталғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жас жігіт ұрыны өз бетінше ұстап алып, шақырту бойынша келген полицейлерге тапсырған.
Анықталғандай, жергілікті базардағы дүкендердің бірінен күдікті, 4 дана күннен қорғайтын көзілдіріктерді ұрлап, жасырынуға тырысқан. Алайда, сатушы мұны тез арада байқап қалып, дүкеннен шығып бара жатқан әйелді ұстайды. Тәртіп сақшылары тексеру кезінде ұрланған заттарды тәркілеп алып, заңды иесіне қайтарды. Шығын көлемі шамамен 20 мың теңгені құрады.
Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық" бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған күдікті жергілікті тұрғын болып шықты. Күдіктіге қатысты "ешқайда кетпеу туралы қолхат" бұлтартпау шарасы таңдалды.
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға сақ болуға және құнды заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Мүмкіндігінше үйлерде, кеңселерде, дүкендерде және басқа үй-жайларда бейнебақылау камералары мен Күзет дабылын орнатыңыздар. Егер сіз бөтеннің мүлкін ұрлаудың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу полицияға 102 телефоны арқылы хабарласыңыз


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер