Жәрдемақы алып беремін деп алдап ақша алған мүғалім екен

029.jpg

Түркістан облысында алаяқтық жолмен құқық бұзушылықты болдырмау туралы өңір басшысысынң тапсырмасы Түлкібас ауданында жалғасын тапты.

Түлкібастық құқық қорғау орнагдары мамандары жергілікті тұрғынды алдап, ақшасын алып кеткен алаяқты қолға түсіріп, қылмысты ашу мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізді.

Қажетті деп танылған барлық іс-шараларды жүзеге асырды. Жәбірленушіден жауап алу барысында, күдіктінің жеке-басын анықтады, мұқият тексеру жұмыстары жасалды. Нәтижесінде полицейлер күдікті әйелді анықтап, ұстады. Ол жергілікті тұрғын, аудандағы мектептердің бірінің мұғалімі болып шықты.

Тергеу барысында анықталғандай, ол тұрғынның сеніміне кіру арқылы жылдық жәрдемақысын толығымен әперемін деп уәде берген. Ал, алаяқтықпен алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Тәртіп сақшылары күдіктінің бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтау үстінде. Күдіктінің бас шарасы қолхатта.

Бүгінгі таңда, мемлекеттік жеңілдетілген жәрдемақыларды алып беремін деп алаяқтық жолмен азаматтарды алдап, сенімге кіріп, ақыр соңында полицейлердің көмегіне келіп жататындар көбеюде. Сондықтан, Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері мүмкіндігінше сақ болып, кез-келген адамға артық сенім білдірмеу керектігін ескертеді. Егерде сіз осындай қылмыстардың куәгері немесе құрбаны болсаңыз, онда міндетті түрде полицияның жедел желісі «102» нөміріне хабарласыңыз.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер