Полицейлер есірткі сатумен айналысқан күдіктіні ұстады

672e0d16-06c8-471e-bcbb-2ee7e93e4345.jpg

Кентау қаласы полиция бөліміне жергілікті тұрғын есірткі затын аса ірі көлемде сақтаумен және  сатумен айналысатындығы туралы ақпарат келіп түседі. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің  297-бабы «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша тіркеді.

 Жедел-іздестіру іс шаралары барысында  күмән туғызған көлік жүргізушісі күдікке ілінеді. Жедел уәкілдер көліктің ішін тінту кезінде, 2 дана ақ түсті қағазға оралған есірткіге ұқсас затты тауып,  тәркілеп,  сараптамаға жіберді. 

Сараптама нәтижесі бойынша есірткіге ұқсас заттың «марихуана» екені анықталды. Жалпы салмағы 15 грамды құрайды. Бугінгі таңда іс бойынша  тергеу амалдары жүргізілуде. Белгілі болғандай күдікті бұрындары есірткі сатумен айналысып,жауапқа тартылған.  Қазіргі уақытта ұсталған ер азамат қамауда.

Түркістан облысының полицейлері құрамында есірткісі бар өсімдіктерді заңсыз өсірген, сондай-ақ есіртікіні сақтау мен өткізгені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын  ескертеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер