Қылмыстарды анықтап, оған қатысы бар тұлғаларды құрықтау, дәлелдемелер жинап, шоғырландыру – полицияның басты міндеті. Бүгінде кез келген маман иесінің өз білімін жетілдіріп, қосымша біліктілігін арттыру жолға қойған. Осы орайда Түркістан облысы полиция департаментінде де жиі түсіндірме сабақтары өтіп тұрады. Жуырда Мемлекет басшысының Жолдауындағы қылмыстық іс жүргізудің үш деңгейлі моделін енгізу туралы тапсырмасына сай, Түркістан облысы ПД Тергеу басқармасының бастығы полиция полковнигі Нұрмахан Жалғасовтың төрағалығымен семинар болып өтті.
Семинар барысында полицейлерге жиналған дәлелдерге тәуелсіз баға беруге, азаматтардың құқықтарының бұзылуына жол бермеуге, сотта айыптауды қолдауға міндетті екені айтылды. Семинарға Түркістан облысы бойынша Сот сараптамалар институтының директоры Ш.Тасыбаев арнайы қатысты. Сонымен қатар Түркістан, Кентау қалалық полиция бөлімдері, Созақ және Отырар аудандары полиция бөлімдерінің тергеу жөніндегі орынбасарлары, тергеу бөлімінің жеке құрамы қатысып, алдағы жұмыстарына қажетті кеңестер алды, тәжірибе алмасты.
«Барлығымызға мәлім жасөспірімдермен жасалған қылмыстар республикамызда маңызды сұрақтардың бірі болып қалуда. Десек те бүгінде олармен жасалған қылмыстар 26,2%-ға (214-тен 158-ге) кеміді. Сондықтан біз кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты жасалатын қылмыстарды азайту жұмыстарын ешқашан кейінге қалдырған емеспіз. Осы тұста, ата-аналарға ескертемін, балаларыңыздың кіммен араласатынын, қайда жүргенін және әлеуметтік желіде кіммен байланысатынын біліп жүріңіздер. Оған қысым көрсетіп, ұрыс-керіске итермелеудің қажеті жоқ. Барынша оның жағдайын түсініп, дос ретінде жылы қарым-қатынас жасау арқылы қадағалап отырғаныңыз дұрыс!», - деді Қайрат Дәлбеков есеп беру жиынында