Түркістан облысының полицейлері жас мамандарды адал қызмет етуге шақырды

Жеке құрамның жоғары моральдық-психологиялық жағдайын қолдау, бекем құқық тәртібін нығайту, жеке құрамның бойында Отанға адал қызмет етуге бағытталған құндылықтар жүйесін құру мақсатында, ұдайы негізде кешенді іс-шаралар жүргізіліп отырады.

image.png

Осындай іс шаралардың бірі - полиция қатарын өз елінің нағыз патриоты адал офицерлермен жасақтау мақсатында, Мақтаарал ауданы полиция бөлімінің мәжіліс залында Бөлім басшылығы жаңадан тағайындалған жас мамандермен кездесіп,  олардың атқарып жатқан жұмыстарына, азаматтармен қарым-қатынаста сыпайы-ілтипатты болуы, ұжыммен етене араласып кетуіне баса назарға алып, жиналыс өткізді.

 image.png

Жалпы мұндай ерекше кездесулердің ішкі істер саласына енді орналасқан жас мамандарға берері мол. Себебі, өздерінің қиын да қауіпті қызметтері жайлы мағлұматтар алып, жақсы жағынан ой түйіндейді. Сондықтан да бұндай кездесулер Түркістан облысы полицейлері тарапынан тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрмақ.


ТО ПД-ның баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер