Әйгілі актер жерлестерінің жарты миллион доллар қарызын жауып берді

Screenshot_33.jpg

Актер 560 мың доллармен жерлестерінің қарызын жауып берді Әйгілі үнді актері Болливуд жұлдызы Амитабх Баччан 560 мың доллар қалтасынан төлеп, жерлестерінің қарызын жапты.

Актер 1398 шаруаның қарызынан құтылуға көмектесті. Актер көмектескен шаруаның бәрі Уттар Прадеш штатында тұрады. Үнді актері дағдарысқа түсіп, наразылық танытқан шаруаларға қолдау білдірмек болды. Шаруалар қарызды жауып, ауылшаруашылығында бағаны өсірмеуді талап еткен еді. Үндістанда он мыңдаған шаруа қаржылай қиындықты бастан кешуде. 30 жыл бойы ауылшаруашылығында өндіріс құлдырап, су жетіспей халық зардап шекті. Көп шаруа қасірет шегіп, көз жұмды. 1995 жылдан бері осындай 300 оқиға тіркелді. 

Дереккөз: Stan.kz



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • СҚО-да сталкинг дерегі бойынша алғашқы үкім шықты
  • Түркістан облысында еңбекке қатысты шағымдардың 70 пайызы білім саласына тиесілі
  • Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг ісі 19 қаңтарда шешілмек
  • АҚШ Гренландияның әр тұрғынына 100 мың доллар төлеп, аралды сатып алмақ
  • БЖЗҚ-дан заңсыз 200 млрд теңге шығарған 42 стоматологиялық клиника тергеліп жатыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер