Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Астанада бес қыздың өліміне себепкер болған өрттің неден шыққанын айтты. Премьер-министр бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында мәлімдеді.
"Өртенген уақытша тұрғызылған үйде 11 айлықтан 12 жасқа дейін бес кішкентай бала қаза тапты. Өрттің себебіне келетін болсақ, пеш жаққанда қауіпсіздік шарасы сақталмаған. Өрт содан шығып отыр. Содан соң балалар түнгі уақытта қараусыз қалған", -деді министр.
Сондай-ақ, министр балаларды аман алып қалу мүмкін болмағанын жеткізді.
"Қоңырау түскен соң өрт сөндірушілер жеті минутта жеткен. Полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері де осы уақытта болған. Өкінішке орай, жағдайдың алдын алуға мүмкіндік болмады", -деді ол.
Одан бөлек, Қасымов соңғы уақытта өрттен қаза тапқандардың саны азайғанын түртіп өтті.
Қазіргі уақытта мұндай жағдайлар аз емес. Атап кететіні, маусым өткен жылдың 15 қазан күні басталған. Содан бері өрт оқиғалары, ең бастысы, қаза тапқандардың саны азайды. Бірақ, улы газдан қаза тапқандар саны 12 пайызға артып отыр. Жыл сайын біздің өртке қарсы қызмет профилактикалық шаралар жүргізеді. Соңғы бірнеше айда қызметкерлер 1 млн 700 жеке үйді аралады. Төрт млн адаммен кезедсіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді", -деді ол.