Бекболат Тілеухан: «Назарбаев - ұлы саясаткер»

Бекболат Тілеухан Назарбаевқа деген құрметі жайлы Qasqa Jol арнасына сұхбат берді.

Screenshot_8.jpg

2019 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "екі сиыр ал да, өзіңді асыра" деген сөзі ел арасында қызу талқыланып, тіпті әзіл-әжуаға арқау болған еді. Мұны Бекболат Тілеухан "қоғамның Назарбаевқа жасаған опасыздығы" деп бағалаған. Депутат осыған қатысты пікірін айтты. 

"Заманында көп нәрсенің қадірін білмейміз. Көп адамға ұнамайтынын білемін. Бірақ ұнамайды екен деп өзім иланған ақиқатты жасырып қалмаймын. Назарбаев – ұлы саясаткер. Маған: "Тұғырдан кеткеннен кейін, неменеге оның сойылын соғасың?" деп ақыл айтатын адамдар бар. Мен сойылын сойып жатқан жоқпын. Тарихи әділдігін, өзімнің көзім жеткен шындығын айтып жатырмын. Кез келген нәрседе әділ болуымыз керек. Бізде пәлендей келешек, үміт болған жоқ. Қазақстан тәуелсіздік алған соң, немісің бар, орысың бар, неге қашты? Көп адам осыны білген кезде, соны ұстап қалған адам – Назарбаев. Керек кезінде тәуекелді, қатал қадамдарға барды. Парламентті таратып жіберіп, бүкіл нәрсені мойнына алып, қаншама заңдарды шығарып, реформаны бастап жіберді. Бастаған соң, шатасады. Ол – пенде, Құдай емес, пайғамбар емес. Шатасқанмен, негізгі курстан шатасқан жоқ. Жанын шүберекке түйді. 

2018 жылы Каспийге талас болған кезде Қазақстанның мүддесін алып шықты. Ол тек қана Назарбаев сияқты ұлы саясаткердің қолынан келетін нәрсе. Көп адам оның бағасын біліп жатқан жоқ. Біз 2020-2021 жылы оған баға бере алмаймыз. Назарбаевтың қадірін 2040-2045-те білуіміз мүмкін. Соншама дәрежедегі елдің ақсақалын мазақтап, масқараға ұшырату қоғам тарапынан опасыздық болды. Сына, бірақ мазақтауға болмайды. Ол сөзім үшін мен жауап беремін", – дейді Бекболат Тілеухан.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұздыбеков пен Меңдіқұлов отпен ойнап отыр ма? - Елдегі дүрбелең осы газ дауынан басталған еді
  • Қазақстанды мұрагер елесі кезіп жүр
  • «Шетелден бір-ақ шыққан шенділер»: Елші болу өсу ме, өшу ме?
  • Дархан ҚЫДЫРӘЛІ: «Тарихқа хайппен емес, байыппен қарау керек»
  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер