Мәулен Әшімбаев Оңтүстік Корея елшісімен кездесті

Screenshot_2.jpg

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Корея Республикасының Қазақстандағы елшісі Ку Хонг-сокпен кездесті. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуде тараптар екі елдің басшылығы жүргізген жұмыстардың нәтижесінде соңғы жылдарда Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы қарым-қатынастың аясы кеңейіп, стратегиялық серіктестікке жалғасқанын атап өтті.

Мәулен Әшімбаев «қаңтар оқиғасынан» кейін Қазақстанда қолға алынған маңызды жаңғыртуларға тоқталды. Сенат спикері қазіргі таңда ел азаматтары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасын кеңінен талқылап жатқанын айтты.

"Бүгінде Сенат жұмысының негізгі бағыттарының бірі ел Президентінің жаңғыру бағдарын заңнамалық тұрғыдан қолдау. Қолға алынған реформаларды іске асыру кезінде әлеуметтік теңсіздік пен кедейлікке қарсы күрес және саяси жүйені одан әрі демократияландыру аса маңызды басымдықтар болып белгіленді. Жаңа күн тәртібінде де экономикалық реформалардың маңызы зор. Сенаторлар бұл жұмыстардың табысты іске асырылуы үшін қажетті заңдарды жедел қабылдауға дайын", – деді Мәулен Әшімбаев.

Өз кезегінде елші Қазақстан Президентінің бастамасымен жүргізіліп жатқан реформалардың маңызды екенін айтты. Сондай-ақ ресми Сеул Қазақстанның елде әлеуметтік теңсіздікті және кедейлікті төмендетуге арналған бағыт-бағдарын толық қолдайтынын жеткізді.

Сонымен қатар сұхбаттасушылар Украинадағы оқиғаларға назар аударды. Екі тарап та жағдайды бейбіт жолмен шешудің маңызды екеніне басымдық берді. Мәулен Әшімбаев, бұған дейін Мемлекет басшысы атап өткендей, Қазақстанның гуманитарлық көмек көрсетуге және келіссөздер жүргізу үшін араағайындық танытуға дайын екенін тілге тиек етті.

Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы ынтымақтастықты одан әрі арттыруға және өзара іс-қимылды кең ауқымда жүргізуге екі ел де мүдделі екенін айтты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұздыбеков пен Меңдіқұлов отпен ойнап отыр ма? - Елдегі дүрбелең осы газ дауынан басталған еді
  • Қазақстанды мұрагер елесі кезіп жүр
  • «Шетелден бір-ақ шыққан шенділер»: Елші болу өсу ме, өшу ме?
  • Дархан ҚЫДЫРӘЛІ: «Тарихқа хайппен емес, байыппен қарау керек»
  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер