Білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды

Screenshot_8.jpg

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Бибігүл Амангелдіқызы Асылова берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Бибігүл Асылова 1975 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 

Ақмола қаржы-экономикалық техникумын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. 

Еңбек жолын 1993 жылы Көкшетау облыстық қаржы басқармасының бюджет бөлімінің жоспарлау, білім беруді және мәдениетті қаржыландыру бөлімінің маманы қызметінен бастады. 

1994-1998 жылдары — Көкшетау және Петропавл қалаларының мемлекеттік органдарында маман болып жұмыс істеді. 

1998-2016 жылдары — ҚР Қаржы министрлігінің, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің, Мәдениет министрлігінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымдарында жұмыс істеді. 

2016 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан ресми түрде апорттың отаны болып мойындалды
  • Тоқаевты туған күнімен кімдер құттықтады?
  • Украина Президенті Түркияға барды
  • LRT ісі: Талғат Ардан Түркияда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланбақ
  • Трамп Үндістан мен Пәкістандағы қақтығысты шешуге көмектесуге дайын екенін мәлімдеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер