Ресей Қытайдан әскери және экономикалық көмек сұрады - БАҚ

Ресей билігі Ресейдің Украинаға әскери шабуылын қолдау және экономикалық санкциялардың әсеріне қарсы тұру үшін Қытайдан әскери және экономикалық көмек сұрады. Бұл туралы Finansial Times, The New York Times және The Washington Post АҚШ үкіметіндегі аты аталмаған дереккөздердің сөзіне сілтеме жасап ақпарат таратты. 

Screenshot_2.jpg

Америкалық басылымдардың дереккөздері Мәскеу Украинамен соғыс басталғаннан бері Бейжіңнен әскери техника мен басқа да көмек сұрайды деп мәлімдейді.

Financial Times басылымы Ресейде соғыстың үшінші аптасына қарай қарудың кейбір түрлері бітіп жатқанын хабарлайды.

Ал CNN америкалық жоғары лауазымды шенеунікке сілтеме жасап, Ресей Қытайға Украинадағы жағдайға әскери көмек, соның ішінде ұшқышсыз ұшу аппаратын ұсынуды сұрады деген ақпарат таратқан.

Қытайдың АҚШ-тағы елшілігінің өкілі Лю Пэнъю өз кезегінде Reuters-ке Ресейдің мұндай өтініштері туралы ештеңе білмейтінін және Қытай үшін басты міндет Украинадағы шиеленісті жағдайдың ушығуының алдын алу екенін айтты.

13 наурызда АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан Қытай Ресейге батыс санкциялары есебінен шығындарды өтеуге көмектесуге тырысса, Бейжіңге кері әсерін тигізеді деп ескертті.

"Біз Қытайдың Ресейге қандай дәрежеде материалдық және экономикалық қолдау көрсететінін мұқият қадағалаймыз. Бейжіңге кез келген елдің Ресейге экономикалық шығындарын өтеуге тырысуына жол бермейтінімізді жеткіздік", – деді Салливан CNN-ге берген сұхбатында.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан ресми түрде апорттың отаны болып мойындалды
  • Тоқаевты туған күнімен кімдер құттықтады?
  • Украина Президенті Түркияға барды
  • LRT ісі: Талғат Ардан Түркияда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланбақ
  • Трамп Үндістан мен Пәкістандағы қақтығысты шешуге көмектесуге дайын екенін мәлімдеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер