Түркістанда «Түркістан - ер түріктің бесігі» атты республикалық ақындар айтысы өтті

Түркістанда  «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» мерекесіне орай «Түркістан - ер түріктің бесігі» атты республикалық  ақындар айтысы өтті.

Screenshot_1.jpg

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің қолдауымен, «Әзірет Сұлтан»  мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ұйымдастырған айтыстың мақсаты түркі әлемінің киесі мен қасиетіне айналған Қожа Ахмет Ясауи және кесене мен оның айналасында жерленген тұлғаларды дәріптеу, Түркістан жайлы тағылымды ой бөлісу, халыққа насихаттау.

Айтыс додасын "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Мәулен Садықбеков құттықтау сөзбен ашып, ақындарға сәттілік тіледі.

"Әзірет Сұлтан" музей-қорығы тұңғыш рет ұйымдастырған айтысқа «Алтын домбыра» иегері, айтыстың арыстаны Бекарыс Шойбеков, айтыстың ақтаңгері Еркебұлан Қайназаров және республикаға танымал Мейірбек Сұлтанхан, Біржан Байтуов, Шұғайып Сезімхан, Нұрлыбек Мейірманов, Дәурен Ақсақалов, Ержан Әміров сынды ақындар  қатысты.

Ұлтымыздың ұлылығы мен қара сөздің қасиетін шабытты шумақпен паш етіп, айтысқа сусаған көрерменге елдік рухты асқақтатар ой салған ақындар әрленген әзілмен де елге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Қазылар алқасының шешімімен бірінші орынға түркістандық азулы ақын Бекарыс Шойбеков лайық деп танылса, Нұр-Сұлтан қаласынан келген Еркебұлан Қайназаров екінші орынды, қызылордалық Ержан Әміров пен шымкенттік ақын Нұрлыбек Мейірманов үшінші орынды иеленді. 

Сондай-ақ, Қаныбек Сарыбаев атындағы арнайы жүлдемен қызылордалық Мейірбек Сұлтанхан,

Әбдікерім Манапов атындағы арнайы жүлдемен Алматы облысынан Шұғайып Сезімхан, Көпбай Омаров атындағы арнайы жүлдемен Біржан Байтуов, Әселхан Қалыбекова атындағы арнайы жүлдемен Түркістан облысынан Дәурен Ақсақалов,

 марапатталды.

"Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұздыбеков пен Меңдіқұлов отпен ойнап отыр ма? - Елдегі дүрбелең осы газ дауынан басталған еді
  • Қазақстанды мұрагер елесі кезіп жүр
  • «Шетелден бір-ақ шыққан шенділер»: Елші болу өсу ме, өшу ме?
  • Дархан ҚЫДЫРӘЛІ: «Тарихқа хайппен емес, байыппен қарау керек»
  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер