Зеленский Үшінші дүниежүзілік соғыс қашан басталатынын айтты

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөздерге дайын. Алайда, егер келіссөздердің кез-келген әрекеті сәтсіз аяқталса, бұл екі ел арасындағы күрес  "үшінші дүниежүзілік соғысқа" әкелуі мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі "Адырна" ұлттық порталына сілтеме жасап. 

Screenshot_1.jpg

Бұл туралы Украина басшысы 20 наурызда CRN арнасына берген эксклюзивті сұхбатында айтты. Зеленский қазір Украинада жүріп жатқан соғысты басқа жолмен тоқтату мүмкін емес деген пікірін білдірді.

"Мен онымен келіссөздерге дайынмын. Мен соңғы екі жыл ішінде дайын болдым. Менің ойымша, келіссөздерсіз біз бұл соғысты аяқтай алмаймыз. Егер бұл соғысты тоқтатуға кем дегенде 1% мүмкіндік болса, менің ойымша, біз бұл мүмкіндікті пайдалануымыз керек. Біз мұны істеуіміз керек. Мен сізге осы келіссөздердің нәтижесі туралы айта аламын – қалай болғанда да, біз күн сайын жер бетіндегі бейкүнә адамдардан айырылып жатырмыз», - деді ол.

«Орыс әскерлері бізді қырып-жоюға, өлтіруге келді. Біз өз халқымыз бен армиямыздың күшті соққы жасай алатынын, кері соққы беруге қабілетті екенін көрсете білдік. Бірақ, өкінішке орай, біздің абыройымыз өмірді сақтап қалуға көмектеспейді. Сондықтан, менің ойымша, Путинмен келіссөздер жүргізу үшін біз кез-келген форматты, кез келген мүмкіндікті пайдалануымыз керек деп ойлаймын. Бірақ егер бұл әрекеттер сәтсіз аяқталса, бұл үшінші дүниежүзілік соғыс дегенді білдіреді", - деп мәлімдеді Зеленский.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұздыбеков пен Меңдіқұлов отпен ойнап отыр ма? - Елдегі дүрбелең осы газ дауынан басталған еді
  • Қазақстанды мұрагер елесі кезіп жүр
  • «Шетелден бір-ақ шыққан шенділер»: Елші болу өсу ме, өшу ме?
  • Дархан ҚЫДЫРӘЛІ: «Тарихқа хайппен емес, байыппен қарау керек»
  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер