«Жыл мұғалімі» атанған ұстаз азғындық әрекеттері үшін ұсталды

Мәскеуде балаларды азғындады деген күдікпен республика бойынша "Жыл мұғалімі" атанған Сергей Кочережко ұсталды.

Screenshot_4.jpg

Тергеу мәліметінше, мұғалім сәуір айында метро станциясында вагонда жүріп қыздарға жыныс мүшесін көрсеткен. Күдікті кәмелетке толмаған жолаушыларға шалбарын шешіп, жыныс мүшесін көрсеткен. Балалар бірден жақын маңдағы станциядан түсіп, бұл туралы ата-аналарына айтты.

Полиция қызметкерлері камераларды қарап, бір аптадан кейін ер адамды ұстады. Бұл 32 жастағы тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі Сергей Кочережко болып шықты.

Қазір күдікті қамауға алынды. "Әдепсіз әрекеттер" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мұғалім үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге сот белгілейтін белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылады.

Сергей Кочережко Самара мемлекеттік университетінің түлегі. 2015 жылы "Жыл мұғалімі" байқауының жеңімпазы атанды. Бұл үшін оған Лада Калина көлігі сыйға тартылды.

2017 жылдан 2019 жылға дейін Кочережко "Артек" халықаралық балалар орталығы негізіндегі орта білім беру мектебінің бірінші орынбасары, содан кейін директоры болды, онда ол қоғамтану пәнінен сабақ берді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан ресми түрде апорттың отаны болып мойындалды
  • Тоқаевты туған күнімен кімдер құттықтады?
  • Украина Президенті Түркияға барды
  • LRT ісі: Талғат Ардан Түркияда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланбақ
  • Трамп Үндістан мен Пәкістандағы қақтығысты шешуге көмектесуге дайын екенін мәлімдеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер