Кәсіпқой боксқа оралған Бейбіт Шүменов WBA чемпиондық белбеуін жеңіп алды (фото)

4673489.jpg

Кәсіпқой боксқа оралған Бейбіт Шүменов бірінші ауыр салмақта WBA чемпиондық белбеуін жеңіп алды. Отандасымыз Астанада өткен бокс кешінде түрік боксшысы Хизни Алтункаяны ұтты деп хабарлайды vesti.kz сайты.

Қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші раундта бір рет нокдаунға түсірді.


Шаршы алаңдағы Бейбіттің басымдығы төртінші раундта да байқалды.


Тоғызыншы раундта Бейбіттің дөп тиген тағы бір соққысынан кейін Хизни Алтункая екінші рет нокдаун алды.


Тоғызыншы раундтан кейін түрік боксшысының жаттықтырушылары жекпе-жекті тоқтату туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде Бейбіт Шүменов техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Бірінші ауыр салмақта WBA чемпиондық атағын иеленді.


"Елорданың 20 жылдығы құтты болсын. Елбасымыз аман болсын. Жігіттердің жеңісі құтты болсын. Екі-үш жылдың ішінде Қазақстаннан көп чемпиондар шығатынына күмәнім жоқ", - деді Шүменов.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • TikTok пен YouTube жасөспірімдерге тәуелділік туғызу айыптарымен сотқа тартылады
  • ШҚО-да кәсіпкерлерге 140-қа жуық заңсыз тексеру жүргізілген
  • ҰҚК 4,5 млрд. теңге алаяқтық жасаған OrdaMed басшылығын құрықтады
  • Қазақстандықтардың үкіметке сенімі азайып барады
  • Трамп Давоста Зеленскиймен кездесуі қалай өткенін айтты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер