Зейнетақы жарналары еңбек кірісі есебінен төленеді — вице-министр

3a7bcc6461be827a1d9d8f0f9da06dbf_resize_w_520_h_.jpg

Зейнетақы аударымдарының барлығы азаматтардың табысынан түскен кірісінен ғана төленеді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

"Мысалы, мекеме қызметкерінің тапқан табысы - оның еңбекақысы, жеке кәсіпкердікі - кәсіпкерлік қызметінен келген кіріс, жеке нотариустардікі - көрсеткен қызметтерінен түскен кіріс. Ал жеке немесе заңды тұлғаларға өтемақылы шарт (азаматтық-құқықтық шарт деп аталатын) негізінде қызметтің немесе жұмыстың белгілі бір түрін көрсететін азаматтар үшін - міндетті зейнетақы жарна сол жұмыс немесе қызметінің нәтижесінде тапқан табысынан төленеді (жеке мүлкін сатудан түскен ақшадан емес)", - деді вице-министр.

Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңының 25-бабында былай делінген:

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын мiндеттi зейнетақы жарналары міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшiн алынатын ай сайынғы табыстың 10 пайызы мөлшерiнде белгiленедi".

Биыл 14 шілдеде Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, азаматтық-құқықтық шарт бойынша табыс тауып отырған жеке тұлғалар адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсіби медиаторлар, жеке кәсіпкерлер сияқты табыстарынан өз есептеріне бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарнасын төлейді.

Сонымен қатар, міндетті зейнетақы жарнасы төленетін кірістер, сондай-ақ, оларды төлеу ережесі мен мерзімдері, ұстап қалу (аудару) және міндетті зейнетақы жарнасын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және төлету Ережелері мен есептеу мерзімдері 2013 жылы 18 қазанда бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен анықталады.

"Заңға енгізілген жаңа өзгерістерге байланысты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі, онда азаматтық-құқықтық шартпен табыс тауып отырған жеке тұлғалардың міндетті зейнетақы жарнасын төлеу тәртібі мен мерзімі қарастырылған. Жоба қазіргі таңда қызығушылық танытқан мемлекеттік органдардың, сарапшылардың кеңесі мен аккредиттелген ұйымдардың келісімін алу процедурасынан өтіп жатыр. Сонымен қатар, айта кететін жайт, азаматтық-құқықтық шартпен табыс тауып отырған жеке тұлғалардың кірісі бұрынғыдай, жұмыс немесе қызмет көрсету арқылы түскен табыс болып есептеледі", - деді ол.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұздыбеков пен Меңдіқұлов отпен ойнап отыр ма? - Елдегі дүрбелең осы газ дауынан басталған еді
  • Қазақстанды мұрагер елесі кезіп жүр
  • «Шетелден бір-ақ шыққан шенділер»: Елші болу өсу ме, өшу ме?
  • Дархан ҚЫДЫРӘЛІ: «Тарихқа хайппен емес, байыппен қарау керек»
  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер