Министр: Биология, информатика, ағылшын, қазақ тілі мұғалімдері әлсіз

image.png

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ведомствоның алқа мәжілісінде қай пәндердің мұғалімдері әлсіз екенін айтты деп жазады  Rgmedia.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  

Педагогтердің білімін бағалау нәтижелеріне сүйенсек, жоғары оқу орындарының түлектерін даярлау деңгейі өңірлер арасында да, өздерінің ішінде де айтарлықтай өзгеріп отырады. 7 653 түлектің 45%-ы ғана 50%-дық шекті деңгейден өте алды. «Мақсатты мектептер» жобасы аясында биология, информатика, ағылшын және қазақ тілдері бойынша жұмыс істеп жүрген педагогтердің әлсіз жақтары анықталды. Бұл пәндік білімдегі елеулі олқылықтарды көрсетеді және педагогикалық мамандықтар бойынша даярлауды жүргізетін жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын дереу қайта қарауды талап етеді, - деді Ғани Бейсембаев.

Сондай-ақ, ол біліктілікті арттыру курстарына реформа жасауды тапсырды.

- «Өрлеуге» педагогикалық жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып, біліктілікті арттыру курстарының бағдарламаларын түбегейлі қайта қарауды тапсырамын. Олар педагогтің жеке сұраныстарына бейімделіп, икемді болуы тиіс. Тағы бір айрықша назар аударатын мәселе – педагогикалық этика. Педагогтердің білімін бағалаудан өту кезінде аттестаттау қағидаларын бұзған 346 педагогтің нәтижелері жойылды, - деді Ғани Бейсембаев.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың ағасы қайғылы оқиғаның қалай болғанын айтып берді
  • Қазақстандық әйел өз баласын жылу батареясына байлап, аяусыз ұрып-соққан
  • Шешенстан басшысының ұлы жол апатынан комаға түсті
  • Қазақстанда жекеменшік мектептерге қойылатын талаптар қатаңдатылмақ
  • БҰҰ: 2026 жылы әлемде 186 млн адам жұмыссыз қалады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер