Ақ үй Зеленскийге бірнеше шарт қойды

image.png

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленскийдің арасындағы келіссөздерді қайта өткізу үшін Ақ үй қарсы тарапқа қандай шарты бар екенін жариялады, деп хабарлайды rgmedia.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Fox News таратқан ақпаратқа сәйкес, Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Майкл Уолтц Зеленскийге бірнеше талап қойғанын мәлімдеген.

Уолтцтың айтуынша, Ақ үй Зеленскийден "ол соңғы кездесуде болған жайтқа өкінетіндігін, минералдар туралы келісімге қол қоюға дайын екендігін және бейбіт келіссөзге қатысуға дайын екендігін" естігісі келеді.

Бұл (шарт – ред.) тым көп деп ойламаймын. Менің ойымша, Америка халқы, Украина халқы, Ресей халқы және бүкіл әлем халқы үшін тұрақтылықты қалпына келтіру үшін жақсы нәрсе, - деді Ақ үйдің кеңесшісі.

Сондай-ақ ол Трамп соғысқа нүкте қоюға дайын екендігін және жоспарлары барын жеткізді.

Президент Трамп бұл соғысқа нүкте қоюға дайын және біздің жоспарымыз да бар. Сонымен қоса бізде процеске қосылуға дайын әрі қауіпсіздікке кепіл бола алатын әлемнің жетекші елдерінің көшбасшылары бар, - деді Уолтц.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ақ үй Зеленскийге бірнеше шарт қойды
  • Сирияда жекелеген топтардың құрамындағы қазақстандықтар елге оралғысы келмейді
  • Зеленский Ақ үйден ерте кетті. Келісім болмады
  • Жигули Дайрабаев «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары қызметінен босатылды
  • Қорғаныс министрінің орынбасары қазақ тілінде жауап беруден бас тартты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер