Солтүстіктің жастары "Шымкенттің жастары тіл мен жақтарына сүйеніп қалған" деп сынға алды

4N0EoFVZ5f332el37nwbm7RsPscQvP.jpg

Шымкенттік арулар солтүстік өңірлерге оқуға барып, теріскей облыстардың келіні болуға асығатын көрінеді. Керекулік ару Салтанаттың айтуынша, шымкенттік қыздардың өзі оңтүстік жігіттерінен «қашатын» көреді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Павлодарлық Салтанат есімді бойжеткен өңірге келетін оңтүстіктің қыз-жігіттері туралы айтып берді. Айтуынша, шымкенттік "сұлулар" сол өңірге барып, солтүстіктің жігіттеріне тұрмысқа шығуда армандайды екен.

"Біздің университетке "Серпін" бағдарламасымен келетін оңтүстіктің қыз-жігіттері өте көп. Ешкімді жамандағаным емес, бірақ салттары мен сөйлеу мәнерлерін көргенде шошып кеттім. Жігіттері боқтауға құмар, қыздары өзбек аралас сөйлейді. Ал менталитеттері тіптен бөлек әңгіме. Бір қызығы Шымкенттің жігіттерінен Қазақстаннан түгіл, өздерінің қыздары да қашатын болып шықты. Тобымызда оқитын барлық оңтүстіктің қыздары, ол жаққа қайтып бармаймыз дейді. Жұмыстың реті болса, қызмет істейміз, болмаса осы жақтың жігітіне тұрмысқа шығамыз дейді. "Шымкенттікке неге шыққыларың келмейді?" десек, "бізде салт қиын, сіздерде олай емес, келіндерге қыздай қарайды"дейді. Содан-ақ оңтүстіктегі келіндерге деген көзқарасты білуге болады",- дейді бойжеткен.

Сонымен бірге, ол "Серпін" бағдарламасының жергілікті жастар үшін тиімсіз екенін айтып қалды.

"Барлық гранттарды оңтүстіктің жастарына береді. Өзіміздің балалар грантсыз қалады, өте әділетсіз. Соған қарап, сол грант иегерлері жақсы оқыса игі ғой? Білімдері өте төмен болса да, мектепті "алтынға" бітірдік деп тұрады. Таң қаласың? Тек сөз бен жаққа сүйеніп, сабақта алдыңға қатарларынан көрінгілері келеді. Меніңше олай көп сөйлеп, оқытушыларға жағымпаздану арқылы жақсы баға алу – ұят нәрсе. Әрине, бәлкім осы мақаланы оқып, көбі менен теріс айналатын шығар. Бірақ, шындық осы. Жалпы, керекулік қыздар мінездері тік, әділ келеді. Шын мәнісінде қалай, соны бетке айтамыз",-деп әңгімесін аяқтады ару.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұздыбеков пен Меңдіқұлов отпен ойнап отыр ма? - Елдегі дүрбелең осы газ дауынан басталған еді
  • Қазақстанды мұрагер елесі кезіп жүр
  • «Шетелден бір-ақ шыққан шенділер»: Елші болу өсу ме, өшу ме?
  • Дархан ҚЫДЫРӘЛІ: «Тарихқа хайппен емес, байыппен қарау керек»
  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер