Гүлнәр Каримованың Швейцариядағы $95 млн активі Өзбекстанға қайтарылды

image.png

Ресми Ташкент Швейцариядан Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтің қызы Гүлнәр Каримованың 95 млн доллар активін қайтарды, деп хабарлайды Kazinform . БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында баяндама жасаған Өзбекстан Экономика және қаржы министрінің орынбасары Отабек Фазилкаримовтің мәліметінше, қайтарылған қаражат «Uzbekistan Vision 2030» қорына түскен.

Айта кетейік, алғашқы келісім аясында Швейцариядан Г.Каримоваға тиесілі 131 млн доллар қайтарылуы тиіс. Бүгінге дейін өзбек тарапына 95 млн доллар түсті, енді қалған 36 млн доллар екінші траншпен «Uzbekistan Vision 2030» қорына аударылмақ. Қаражат Өзбекстандағы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға бағытталады.

Еске салайық, Гүлнәр Каримованың тағы 182 млн доллар активі Өзбекстанға қайтарылмақ. Тиісті келісімге биыл ақпанда қол қойылды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ормуздың жабылуынан Азия елдері отын үнемдеуге көшті
  • Таяу Шығыстағы қазақстандықтарға арналған байланыс пакеттері іске қосылды
  • Қазақстан әлемдік ЖІӨ өсіміне үлес қосатын ТОП-25 елдің қатарына енді
  • Президент креативті индустрияларды қолдауға қатысты заңға қол қойды
  • Тимур Сүлейменов: БЖЗҚ-дан қаражат алу шегінің тәсілдерін қатаңдату қажет
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер