Әбдірахымов картаны ашып ойнауға көшті

Screenshot_1.jpg


Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов өзінің жерлесі  Нұрлан Аманқұловты  басқарма басшысы етіп тағайындады деп хабарлайды "Рейтинг" газеті. 

«Нұр Отанда» бірге жұмыс істеген Данат Жуминді өзіне орынбасар етіп алды. Ғабидолла Рахматоллаұлы бір кездері Президент әкімшілігінде бірге істеген досы Еркеғали Әлімқұловты аппарат басшысы етіп бекітті. Атқа қонған азаматтардың біреулерімен руы, болмаса туған жері сәйкес немесе қайда барса да командасында өзімен бірге  ілесіп, көштен қалмайтын кадрлар.  Бұл нені білдіреді?Әбдірахымовтың жершіл екендігін бе,  әлде тамыр-танысшыл немесе командашыл екендігін бе? Жоқ. Бұл бірінші кезекте  Шымкент қаласы әкімінің командасында бөтен кадрларға орын жоқтығын,  Әбдірахымовтың кадр тағайындауда біреудің ақылымен емес, өз білгенімен жұмыс істейтіндігін көрсетеді, білдіреді. Мұнысы мойындайтын мықтылық екенін атап айту қажет. Дей тұрсақ та... командалық әдіске қатысты қатаң ескерту жасаған Елбасы сөзінің өзі Әбдірахымовқа әсер етпейтін болғаны ма? 

Иә, қазір мемлекеттік қызметте бос орынға конкурс жариялау, іріктеу өткізу дегеніңіз жай ғана көзбояушылық. Шын мәнінде бәрі алдын ала шешіліп қойылған. Ал Әбдірахымов командасын Шымкентке әкім болып келерден әлдеқайда бұрын жасақтап қойған тәрізді. Мұны әкімдік жариялаған конкурстарда бақ сынап жүрген азаматтар айтып отыр (оның егжей-тегжейіне біз алдағы уақытта тоқталатын боламыз). 

Ғабидолла Әбдірахымов республикалық маңызы бар Шымкент қаласында кадрлық ауыс-түйісті әлі жалғастырып жатыр. Осы аптада бірқатар басқарма басшылары тағайындалды. Солардың бірі—Ақерке Абылайхан  жаңадан құрылған Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы болды. 

А.Абылайхан Семей өңірінің тумасы болып шықты. Білімі мен ғылыми атағы бір басынан жетіп артылады десек артық айтқанымыз емес шығар.  Философия ғылымдарының докторы, PhD-ғылымдарының кандидаты  және жаратылыстану ғылымдары бойынша PhD-докторы. Оқытушылар әулетінің өкілі екен. Ш.Құдайбергенов атындағы Семей педагогикалық институтын, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тәмамдаған. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Германияның Хемниц техникалық университетінде оқыпты. Дәл осы кезеңде Шымкенттің әкімі Ғабидолла Әбдірахымов та «Болашақ» бағдарламасымен неміс жерінде білім алған. Оның үстіне Әбдірахымовтың да, Ақерке Абылайханның да Шымкентке келгенге дейінгі қызметі «Нұр Отан» партиясы екендігін ескерсек, мегаполистің жаңа бас мұғалімінің алыстан келмегенін, бөтен еместігін аңғаруға болатын сияқты.

Ақерке Абылайхан еңбек жолының 12 жылын Білім және ғылым министрлігіне арнапты. Көптеген халықаралық марапаттарды алған. БҰҰ-ның әйелдер ісі жөніндегі ғылыми кеңесшісі екен. Бірақ екі әттеген-айы бар болып шықты.

Біріншіден, өмірінде Шымкентте еңбек етіп көрмеген. Менталитеті өзгешелеу жердегі жағдайды жақсы біледі деп айту қиын. Екіншіден, өмір жолына үңіліп қарасаңыз, Ақерке ханым мектепте сабақ бермеген. Қолына бор ұстап, журнал құшақтап көрмеген. Мұғалімдік қызметтің ыстығына күйіп, суығына тоңбаған. У-шуы көп қаланың мектептерін, орта арнаулы білім мекемелерін басқаруға білімі мен атағы жетсе де тәжірибесі жете ме? Мұны енді уақтысында көре жатармыз. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұздыбеков пен Меңдіқұлов отпен ойнап отыр ма? - Елдегі дүрбелең осы газ дауынан басталған еді
  • Қазақстанды мұрагер елесі кезіп жүр
  • «Шетелден бір-ақ шыққан шенділер»: Елші болу өсу ме, өшу ме?
  • Дархан ҚЫДЫРӘЛІ: «Тарихқа хайппен емес, байыппен қарау керек»
  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер