Саида Мирзиёева Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы лауазымын иеленді

Шавкат Мирзиёевтің жарлығымен Президент Әкімшілігінің басшысы лауазымы қайта жасақталды. Тиісінше, енді оған бұрын мемлекет басшысының көмекшісі болған Саида Мирзиёева жетекшілік етеді, деп хабарлайды Kazinform. 

Тағайындау туралы Өзбекстан басшысының баспасөз хатшысы Шерзод Асадов мәлім етті.

2023 жылдың тамыз айынан бастап Саида Мирзиёева президенттің көмекшісі қызметін атқарып келді. Ал 2022 жылдың қараша айынан бастап ол Президент Әкімшілігі атқарушы аппаратының коммуникациялар және ақпараттық саясат секторының меңгерушісі болды.

Саида Мирзиеева — Өзбекстандағы әлемдік экономика және дипломатия университетінің түлегі, Ташкент мемлекеттік заң университеті, сондай-ақ М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің магистрі, экономика ғылымдарының кандидаты.

Тоқтала кетейік, Шавкат Мирзиёев 2023 жылдың тамызында Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің құрылымына реформа жасады. Кейін Президент Әкімшілігінің басшысы лауазымы жойылды.

Сәйкесінше, президент көмекшілерінің қатары көбейді. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың ағасы қайғылы оқиғаның қалай болғанын айтып берді
  • Қазақстандық әйел өз баласын жылу батареясына байлап, аяусыз ұрып-соққан
  • Шешенстан басшысының ұлы жол апатынан комаға түсті
  • Қазақстанда жекеменшік мектептерге қойылатын талаптар қатаңдатылмақ
  • БҰҰ: 2026 жылы әлемде 186 млн адам жұмыссыз қалады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер