
Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігі еліміздегі лауазымды тұлғалардың 2024 жылғы кірістері туралы мәліметті жариялады, деп хабарлайды RGmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ведомствоның ресми сайтында жарияланғандай Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің жұбайы Сәния Садықова 2024 жылы жалпы көлемі 88 678 984 теңге табыс тапқан. Аталған қаражат бағалы қағаздар нарығына инвестиция салудан түскен кірістер, яғни дивидендтер мен сыйақылар ретінде алынған. Құжатта табыс жеке тұлға ретінде дербес салық салуға жататыны атап көрсетілген.
